aspan

«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ»: ЖАҢА ИДЕЯЛАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ

Шымкентте жастар арасында өткен «Тәуелсіз ұрпақтар» байқауы өз мәресіне жетті. Қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бастамасымен ұйымдастырылған байқау еліміздің болашағы – жас буынды қолдауға бағытталды.

Байқауға 80-нен аса үміткер қатысып, әртүрлі бағыттар бойынша өз жобаларын ұсынды. Жастар мәдениет, медиа, ІТ, волонтерство, ғылым мен бизнес салаларында тың идеяларын ортаға салды. Әр бағыт бойынша үздік шыққан алты жеңімпаз анықталып, 1 миллион теңгеден қаржылай сыйақыға ие болды.  «Бұл байқау жастардың әлеуетін ашуға бағытталған. Жас көшбасшыларға демеу болып, олардың жобаларын жүзеге асыруға нақты мүмкіндік береді» — дейді Ұйымдастырушылар.  Айтуларынша, байқаудың басты мақсаты – жастардың қоғамдағы белсенділігін арттыру, шығармашылық және кәсіби дамуына жағдай жасау болып отыр. Мұндай бастамалар болашақта ел дамуына үлес қосатын буынды қалыптастыруға ықпал етеді.

Байқауға қатысушылардың бірі – Әуезов атындағы университеттің студенті Сая. Ол мәдениет бағыты бойынша бағын сынап, жеңімпаз атанды. Қазақ әдебиетіндегі нәзік жандылар бейнесін негізге ала отырып, ерекше тың туынды ұсынған.

Жастардың тың идеялары мен бастамаларын қолдауға бағытталған «Тәуелсіз ұрпақтар» байқауы алдағы уақытта дәстүрлі жобаға айналуы мүмкін. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл тек бастамасы ғана. Жас көшбасшылардың әлеуетін арттыру мақсатында осындай жобалар жүйелі түрде өткізілетін болады.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ КӨП АУДАН – ШАРДАРА

Aspan info

ШЫМКЕНТТЕ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КӘСІПТІК ОҚЫТУҒА ІРІКТЕУ АЯҚТАЛДЫ

Президент Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы 2025 жылғы мемлекеттік сыйлықтарын беру туралы Жарлыққа қол қойды

Пікір қалдырыңыз