aspan

ПОЛИЦЕЙЛЕР САУДА ОРТАЛЫҒЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ БҰЗҒАН ЕР АДАМДЫ ҰСТАДЫ

Астанада полицейлер сауда орталығында қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер елордадағы ойын-сауық және сауда орталықтарының бірінде жартылай жалаңаш күйде жүгіріп, келушілердің назарын аударып, қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамның видеожазбасын анықтады.

Жедел-іздестіру барысында 26 жастағы құқық бұзушы анықталды. Қоғамдық тәртіпті сақтамаған азамат ұсақ бұзақылық бойынша жауапқа тартылды. Сот шешімімен ер адам 15 тәулікке қамауға алынды. Полиция азаматтарды қоғамдық орындарда тәртіп сақтауға, айналадағы өзге азаматтарға құрметпен қарауға және құқық бұзушылыққа жол бермеуге шақырады.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

В ПАВЛОДАРСКОЙ ОБЛАСТИ ПРИ ПОЖАРЕ ПОГИБЛИ ДВОЕ ДЕТЕЙ

Aspan info

2026 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДА 850-ДЕН АСТАМ ЗАПАСТАҒЫ ОФИЦЕР ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРЫЛАДЫ

Aspan info

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАЛЫҢДЫҚ ЖІГІТІНЕН 1,5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ҚАЛЫҢМАЛЫН АЛЫП, ҚАШЫП КЕТКЕН

Aspan info

Пікір қалдырыңыз