aspan

АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жиын өтті. Аудан-қала әкімдері бейнережимде қатысты. Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Раджан Сейітқанов баяндады.

Мемлекет басшысының елді мекендерді 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында облыста тиісті жұмыс атқарылуда. Өңірдегі 1 қала мен 9 ауданда 33 жоба жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда 6 нысанда құрылыс аяқталып, халыққа ауыз су берілді.  Аймақ басшысы ауыз сумен қамтамасыз ету жобаларының орындалу барысын ерекше бақылауда ұстап, құрылыс жұмыстарының кестеге сай жүзеге асырылуына күнделікті мониторинг жүргізу қажеттігін айтты. Сондай-ақ, аудан және қала әкімдеріне жыл соңына дейін аяқталуы тиіс жобаларды толық іске қосу бойынша нақты шараларды қабылдауды жүктеді.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПЕРИЗАТ ҚАЙРАТ ТҮРМЕДЕ ЕДЕН ЖУЫП ЖҮР

Aspan info

ПАВЛОДАРДА БІР ТОП АДАМ ТУДЫ ӨРТЕП, ЕЛТАҢБАНЫ БӨЛШЕКТЕГЕН

Aspan info

ПЕНСИОНЕРКА ЗАМЁРЗЛА НАСМЕРТЬ НА ТЕРРИТОРИИ БОЛЬНИЦЫ В ПЕТРОПАВЛОВСКЕ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз