aspan

КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ – САПАЛЫ БІЛІМ МЕН ҚОЛЖЕТІМДІ ОРТА

Қазақстанда білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жалғасуда. 2025 жылдың соңына дейін елімізде қосымша 112 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Бұл мыңдаған баланың заманауи, қауіпсіз әрі сапалы білім алуына жол ашатын маңызды қадам. Жаңа оқу жылында 206 мың оқушыға қосымша орын ұсынылмақ.
«Келешек мектептері» жобасы аясында бой көтеретін жаңа білім ордалары заманауи технологиялармен жабдықталып, цифрлық оқыту жүйесін кеңінен қолданатын болады. Мұндай мектептерде оқушылар үшін робототехника, бағдарламалау, зертханалық жұмыстар мен шығармашылық кеңістіктер қарастырылған.
Келешек мектептері жай ғана ғимарат емес, бұл – жаңа буын мұғалімдері мен оқушылардың инновациялық ойлауына, білімге деген қызығушылығына серпін беретін орта. Мемлекет тарапынан білім сапасын арттыруға бағытталған бұл бастама елдің интеллектуалдық әлеуетін көтерудің нақты дәлелі. Бүгінгі салынған мектеп ертеңгі білімді ұрпақтың кепілі. Ал келешек мектептері – болашаққа сеніммен қадам басқан Қазақстанның айқын бейнесі.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЮДА

Aspan info

СОЛТҮСТІК ӨҢІРГЕ ШЫМКЕНТТІҢ ІСКЕР ХАЛҚЫ ҚАЖЕТ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ЕРЛАН САИРОВ QAZAQGAZ КОМПАНИЯСЫН СЫНҒА АЛДЫ.

Aspan info

Пікір қалдырыңыз