aspan

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘЗЕРБАЙЖАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев стратегиялық серіктестікті нығайту жолдарын талқылады.
– Сізді мемлекеттік сапарыңыз аясында Қазақстанда қарсы алу – мен үшін үлкен мәртебе. Бұл – елдеріміздің арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі дамыту тұрғысынан өте маңызды оқиға. Қазақстан мен Әзербайжан тек достас елдер емес, сондай-ақ бауырлас халықтар. Сондықтан Сіздің еліңізбен сан қырлы ынтымақтастықты өркендетуге баса мән береміз. Қазіргі кезде Әзербайжан Сіздің қуатты көшбасшылығыңызбен халықаралық аренадағы абырой-беделін елеулі түрде арттырды, өз өңірінде ықпалды мемлекет ретінде өте маңызды рөл атқарады. Біз үшін Әзербайжанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты және саяси серіктестікті нығайту – аса өзекті міндет, – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтті. Жиынның күн тәртібінде көлік, логистика, цифрландыру, отын-энергетика кешені, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Әлия Назарбаеваны рейдерлік жолмен басып алды деген айып тағылды

ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

Шымкенттік нейрохирургтар ми тамырының аневризмасынан әйелдің өмірін сақтап қалды

Пікір қалдырыңыз