aspan

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ЦИФРЛЫҚ БАҒЫТТЫҢ БАСТАУЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын ұсынған болатын. Осыған орай, «BAYTAQ» жасылдар партиясының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Алтай Ордабеков «Алатау Сити» жобасы, жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың дамуы жөнінде өз ой-пікірін ортаға салды.
«BAYTAQ» жасылдар партиясының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Алтай Ордабеков биылғы Президент Жолдауының мазмұнына ерекше назар аударды. Оның айтуынша, 2025 жылы 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы ел дамуының жаңа бағытын айқындады. Алтай Ордабековтың пікірінше, биылғы жолдау бұрынғысынан өзгеше болды. Экономикалық мәселелермен қатар, бұл құжатта жасанды интеллект саласына айрықша мән берілген. Президент арнайы Жасанды интеллект министрлігін құру және Алматы қаласы маңында “Алатау Сити” инновациялық орталығын ашу жөнінде тапсырма бергені — елдің технологиялық дамуы жолындағы маңызды қадам деп бағаланды.
Сонымен қоса, Жасанды интеллектті дамыту мен «Алатау Сити» жобасын іске асыру – елдің технологиялық өрлеуіне, ал «жасыл бастамалар» экологиялық тұрақтылыққа бағытталған нақты қадам болмақ.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ ҚАЛАНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЛІССӨЗ БАРЫСЫНДА САЯСИ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ЖАНДАНДЫРА ТҮСЕТІН ЖАҢА БАҒЫТТАР АЙҚЫНДАЛҒАНЫН ЖЕТКІЗДІ

СҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗДЫҢ КӨТЕРМЕ БАҒАСЫ ӨСЕДІ: ТАПШЫЛЫҚТЫ ЖОЮҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНУДА

Пікір қалдырыңыз