aspan

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ЕРКІН ЖАСТАРЫ

 Шымкентте  жастар ресурстық орталығында « Республика күні –егемендіктің бастауы» тақырыбында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.Шара еліміздің Республика күні және Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар  легінің бір бөлігі ретінде өтті.Шара барасында қоғамға қосқан үлесі үшін және азамттық белсенділігі үшін жастар марапатталды.

Республика күні және Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның  35 жылдығына арналған шарада қаламыздың жастары қоғам өмірінің барлық саласында белсенділік танытып, мерекенің мәнін жоғары деңгейде айшықтады.Бүгінгі іс-шарада ерекше көзге түскен 11 жас марапатталды. Олардың барлығы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, өз еңбегімен, азаматтық ұстанымымен және қоғамдық өмірге қосқан үлесімен танылған белсенді жастар.Бұл марапат  еңбегіне деген құрмет пен болашақта жаңа жетістіктерге жетуге ынталандырудың бір көрінісі.Алғыс хаттармен қатар, арнайы дайындалған кітаптар сыйлық ретінде табысталып, жастардың рухани дамуына бағытталған сый болды.Мұндай игі бастамалар ел ертеңі саналатын жас буынның өзіне деген сенімін арттырып, қоғамдағы белсенділігін одан әрі күшейтеді.

 Марапат алған жастар өз сөздерінде ел игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстардың қоғаммен және халықпен тығыз байланыста жүзеге асып жатқанын ерекше атап өтті.Олар бұл марапатты жеке еңбектің емес, өздері білім алып жатқан оқу орындарының және бірлесе еңбек етіп жүрген үлкен команданың жетістігі деп бағалады.«Бұл — барлығымыздың ортақ еңбегіміз. Біз тек бастамасын жасадық, ал алда жүзеге асатын жобалар мен жаңа идеялар әлі де көп. Осындай марапат бізге шабыт беріп қана қоймай, келесі жылы одан да жоғары жетістіктерге жетуге сенім ұялатады», — деді марапат иегері.Жастардың бұл сөзі олардың жауапкершілігі мен ел болашағына деген шынайы көзқарасын көрсетті.

 Іс-шара соңында патриоттық әндер шырқалып, қатысушыларға ерекше рух пен жігер сыйлады.Мерекелік жиын ел бірлігі мен жастардың отаншылдық сезімін арттыруға бағытталды.Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да түрлі сала өкілдерімен бірлесіп, ел мерекелеріне арналған мазмұнды шараларды жалғастыратындарын атап өтті.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Психологиялық қызмет: креатив және инновация»

Мемлекетке келтірілген залалды өтеу – прокуратура органдары жұмысының негізгі басымдықтарының бірі

«АБАЙДЫҢ АСЫЛ МҰРАСЫ»

Пікір қалдырыңыз