aspan

Абу-Дабиде Қазақстандағы киік популяциясына қатысты мәселелер талқыланды

2025 жылы 12 қазанда Абу-Даби қаласында (БАӘ) Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорының (WWF) өкілі Дауди Сумбамен Қазақстандағы киік популяциясына қатысты мәселелер бойынша кездесу өткізді.

Кездесу барысында мынадай мәселелер талқыланды: Қазақстандағы киік популяциясының ағымдағы жай-күйі, қорғау бағдарламаларын, халықаралық ынтымақтастықты қоса алғанда, 2003 жылдан бастап жүзеге асырылған шаралар.

Сондай-ақ өнімді бақылау және қадағалау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстандық тарап мыналарды қамтамасыз ететін: айналымның толық ашықтығын, нарыққа заңсыз дериваттардың түсуіне жол бермеуді, экспорт кезеңіне дейін әрбір дананы тіркеуді және қадағалауды, халықаралық аудиторларды тарту мүмкіндігін, ел ішінде қайта өңдеуді тек дайын экспортпен дамытуды қамтамасыз ететін DataMatrix (GS1) технологиясын пайдалана отырып, киік мүйізін және олардың туындыларын таңбалаудың ұлттық цифрлық жүйесін ұсынды.

Министрлік ашық ынтымақтастыққа дайындығын, халықаралық міндеттемелер мен биологиялық әртүрлілікті орнықты сақтаудың жалпы мақсаттарын атап өтті.

https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1085004?lang=kk

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АҚША ДА ЖОҚ, МАЛ ДА ЖОҚ. АЛАЯҚҚА ТҰСАУ ДА ЖОҚ!

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

В Шымкенте презентовали проект «Читающая нация»

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

ШЫМКЕНТ: «АЙБАРЫ МЫҚТЫ – АТА ЗАҢ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Пікір қалдырыңыз