Шымкент қаласына қарасты Бадам 2 ауылына көршілес жатқан каналды бұрып, жол жиегіне жақын орналастырып салып қойды деп арнамызға ауыл тұрғындары шағымданған болатын. Мәселенің мән жәйін білу мақсатында журналистік зерттеу жүргізген болатынбыз. Оқиға орнына барып тұрғындардың уәжін тыңдадық.
Канал маңында тұрғындарды тыңдап тұрғанымыз сол ақ еді, сити строй компаниясының заңгерінен бастап басшылық құрамдары жинала қалды. Келе сала бұл біздің заңды жер, барлығы заң шеңберінде шешіліп, тиісті органдарға қажет құжаттарды жіберіп қоғанбыз деп бақты.
70 жылдан бері тұрған каналдың арнасын өзгертулеріне не себеп, бұның астарында не жатқанын білмеген тұрғындар бұл жердің заңдылыған күдіктенеді. Осыған дейін қанша рет әкімдікке барып, жауапты басқарма басшыларына барса да мардымды жауап ала алмаған.
: Оқиға орнында өзін заңгермен деп таныстырған Талғат есімді азаматта халыққа біз ештене таныстыруға міндетті емеспіз деп айды аспаннан бірақ шығарды. Сонда қара халыққа жауапты кім береді?
Бәрін айтта бірін айт телеарна ұжымының араласуымен келер апта ішінде осы салаға жауаптылардың бәрін шақыртып,тұрғындарға барлығының заңды әрі талапқа сай екендігін түсіндіріп береміз деді Сити строй компаниясы басшының орынбасары
Шамамен 5 жылдан бері бұл жер аталған компанияның жекеменшік жері екен. Ал соғылып жатқан каналды біз жеке қаржымыздан, демеушілік жасап салып бердік дейді жауаптылар
екі жақ келер аптаға жоспарланған жиналысты күтіп тарқасты. Тұрғындардың талап-тілектері жерде қалмаса деген ниеттеміз. Ал, жауапты компания өз сөзінде тұрады деп сенеміз. Бұл мәселе алдағы уақытта телеарна назарында болмақ.