aspan

ШЫМКЕНТ ДӘРІГЕРЛЕРІ КЕЗЕКТІ ТРАНСПЛАНТАЦИЯНЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРДЫ

Қалалық №1 клиникалық аурухана базасында осымен 231-рет тірі донордан бүйрек трансплантациясы жасалды. 1984 жылы туылған ана 2004 жылғы ұлына бүйрегін берді. Операция сәтті өтіп, донор мен рецепиент палатаға ауыстырылды. Екеуінің де жағдайы жақсы, денсаулығында ақау жоқ.

Бүйрегі алмастырылған рецепиент 7 жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен ауырып келген. Соңғы 1,5 жылда гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Жігіт аз уақытта қалыпты өміріне қайта оралады дейді дәрігерлер.

Айта кетейік, бүгінге дейін №1 қалалық клиникалық ауруханасында 231 бүйрек және 32 бауыр трансплантациясы жасалды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПЕН ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ШАХБАЗ ШАРИФ ШАҒЫН ҚҰРАМДА КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

Aspan info

ШЫМКЕНТТЕ 2026 ЖЫЛЫ 31 МЫҢНАН АСТАМ АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖОСПАРЛАНУДА

Aspan info

35748 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ЖӨНДЕУ РОТАСЫ ТАКТИКАЛЫҚ-АРНАЙЫ ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗДІ

Пікір қалдырыңыз