Әлем жаңалықтары

Германия алдағы 5 жылда Ресеймен соғысқа дайын болуға шақырды

Германия өзінің географиялық тұрғыдан орналасуына байланысты Ресеймен қақтығыс бола қалған жағдайда НАТО әскерлерін шығысқа бір жерден екінші жерге жіберуде плацдарм болуы мүмкін. Германия әскери-теңіз күштерінің капитаны Михаэль Гисс Германия соғысқа дайындықты бастауы қажет деген пікірде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

Германия әскери-теңіз күштерінің капитаны Михаэль Гисс ел билігі мен халықты сыртқы қауіп-қатерді мойындауға, Ресейдің НАТО-ға шабуылының алдын алу үшін соғысқа дайындала бастауға шақырды.

«Менің сарбаз ретіндегі уақытым аяқталуға жақын. Бес жылдан кейін біздің қоғам сыртқы әскери қауіп-қатерге төтеп бере алатындай тұрақты болуы керек», — деді Михаэль Гисс Welt am Sonntag басылымына берген сұхбатында.

Оның сөзінше, Германия географиялық орналасуына байланысты Ресеймен нақты қақтығыс болса, НАТО әскерлері шығысқа баратын аймаққа айналуы мүмкін.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

EURO-2024: Футбол алаңының қауіпсіздігі тексеріліп жатыр

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Биткоин бағасы бұрын-соңды болмаған ең жоғары деңгейге жетті

Пікір қалдырыңыз