Әлем жаңалықтары

Иран вице-президенті отставкаға кететінін мәлімдеді

Ол бұл лауазымды небәрі 10 күн атқарды. Иранның стратегиялық мәселелер жөніндегі вице-президенті Мұхаммед Джавад Зариф отставкаға кететінін мәлімдеді. Бұл туралы шенеунік X әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Eadaily-ге сілтеме жасап.

Мұхаммед Джавад Зариф жаңа үкіметті құру жөніндегі консультативтік кеңестің басшылығыдағы жұмысының нәтижесіне қанағаттанбағанын, әйелдер, жастар және этникалық азшылықтарға қатысты тиісті комитеттердің сараптамалық мақұлдауын ала алмағанын жеткізді.

«Ішкі саясат мәселелерін шеше алмағаныма кешірім сұраймын», — деп жазды Иран вице-президенті.

Зариф жаңадан сайланған ел президенті Масуд Пезешкианның Жарлығымен 2 тамыз күні республиканың стратегиялық мәселелер жөніндегі вице-президенті болып тағайындалған болатын.

Айта кету керек, Мұхаммед Джавад Зариф 2013 жылдан бастап 2021 жылға дейін Иранның Сыртқы істер министрі қызметін атқарды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АҚШ билігі смартфондар нарығын монополияландырды деп айыптап, Apple компаниясына қарсы іс қозғады

АЗИАДА АЯҚТАЛАР ТҰСТА ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕКІ МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

Aspan info

БИЫЛ ҚАЗАҚСТАНДА 1,6 МЫҢҒА ДЕЙІН АУЫЛДЫ ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСУ ЖОСПАРЛАНУДА

Aspan info

Пікір қалдырыңыз