Ақпарат

Денсаулық бұрышы: дәрігерлер сауда орталықтарында қабылдау өткізуде

“Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Шымкент қаласы филиалының ұйымдастыруымен “Денсаулық бұрышы” акциясын өткізді.  Шара барысында қалалық емханалардың бейінді мамандары сауда орталықтарында сатушылар мен қала тұрғындарын қабылдап, медициналық консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетті. Акция алғашқы күні “Студенттік емхана” дәрігерлерінің шаһардағы ірі сауда орталықтардың бірінде қабылдауымен басталды. Хирург, акушер-гинеколог, гастроэнтеролог сынды бейінді мамандар мен жалпы тәжірибелік дәрігерлер тұрғындарға тегін кеңес беріп, алдағы уақытта ем-шара қабылдауларына бағыт-бағдар берді. Айта кетейік салаға жауаптылар, “Денсаулық бұрышы” акциясы алдағы уақытта қаладағы бірқатар сауда орталықтарында жалғасатынын мәлімдеді.

Науқан аясында студенттік емхананың дәрігерлері қала тұрғындарына ақпараттандыру жұмыстарын жүргізіп, қабылдау өткізді. Салаға жауаптылар халықтың басым бөлігі бүгінгі күні міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қызметімен таныс екенін айтады. Сондай-ақ мамандар, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу алдағы уақытта да жалғасын табатынын мәлімдеді. Жалпы МӘМС жүйесінде сақтандырылу мәртебесі тұрғындар үшін жоғары технологиялы медициналық көмек, профилактикалық тексерулер мен оңалту шаралары, консультациялық-диагностикалық қызмет пен есепте тұрған науқастардың дәрі-дәрмекпен қамту аясын да кеңейткен. Азаматтар осылайша ай сайынғы жарна есебінен медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие болуда. Дәрігер тіркелген пациенттердің денсаулығын бақылай алуы үшін тұрғылықты жеріне тікелей жақын емхананы таңдау ұсынылады.

Related posts

Түркістан облыстық ПД есірткі қоюшының көлігінен 47 дана мефедрон тапты

Тараздық полицейлер жолда талмасы ұстаған шетелдік азаматқа көмектесті

Үндістанда қауіпті вирус таралып жатыр: 16 адам көз жұмды

Leave a Comment