Ақпарат Денсаулық Қоғам

Үндістанда қауіпті вирус таралып жатыр: 16 адам көз жұмды

Үндістанның Гуджарат штатында аз зерттелген, бірақ жылдам таралатын Чандипура вирусы таралып жатыр, деп хабарлайды baq.kz. Газета.ru таратқан мәліметке сүйенсек, 16 адам жаңа вирустың құрбаны болған. Чандипура вирусы маса, кене, бәкене шыбын шаққан соң жұғады. Белгілері – ісік пен іш өту. Симптомдары вирустық энцефалитқа ұқсас болғандықтан аурумен күресті қиындатып отыр. Сонымен қатар Чандипура аз зерттелгендіктен белгілі бір емі немесе оған қарсы вакцина да жоқ. Аурумен күрес үшін ел билігі вирус анықталған аудандарда малатион ұнтағы себуді тапсырды. Сондай-ақ дәрігерлерге қызбаның кез келген түрі бар пациенттерге қарқынды емдеуді бірден бастауға бұйрық берілді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 201 МЫҢ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛЫП, 317 МЫҢ АҒАШ ӘКТЕЛДІ

Тұман мен бұрқасын: Астанада және бірқатар облыстарда дауылды ескерту жарияланды

Францияның элиталық жоғары оқу орнының директоры үйдегі зорлық-зомбылыққа байланысты отставкаға кетті

Пікір қалдырыңыз