Саясат

Қазақстанда шенеуніктерді іріктеудің жаңа ережелері әзірленді 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жаңа іріктеу қағидаларын әзірледі. Іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметті цифрландыру бойынша «e-Qyzmet.gov.kz» интернет порталы іске қосылды. Бұл туралы  Орталық коммуникациялар қызметі хабарлайды.

ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолмановтың айтуынша, мемлекеттік қызметті цифрландыру бойынша жұмыс жалғасып жатыр. «2023 жылы 1 наурызда оған 6 мемлекеттік орган пилоттық режимде қосылды. Қазіргі уақытта 22 мемлекеттік орган қосылды. Биыл 1 шілдеде жүйе қосымша 22 мемлекеттік органда енгізіледі, — деді спикер. Жаңа жобаның ерекшелігі – азаматтар конкурстың барлық кезеңдеріне онлайн түрде қашықтан, интернетке қолжетімді кез келген жерден және қалаған уақытында қатыса алады. «Тараптар арасында мүдделер қақтығысы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін үміткерлерге оларды иесіздендіретін сәйкессіздендіру номері ұсынылады. Сондай-ақ адами факторды болмау үшін конкурстық рәсімнің ашықтығын тәуелсіз прокторинг жүйесі қамтамасыз етеді және конкурс жеңімпазы барлық кезеңнің қорытындысы бойынша жиынтық балмен анықталады», — деді агенттік өкілі.

Related posts

Президент Үкімет мүшелерімен еліміздің экономикалық жағдайын талқылады

ҚР энергетика вице-министрі жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келді

Тоқаев БАҚ өкілдері мен өзін блогер санайтын кейбір азаматтарға үндеу жасады

Leave a Comment