Ақпарат Шымкент

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҰЛЫ-АМАНГЕЛДІ ТӨЛЕЕВТІҢ ТУҒАНЫНА 80 ЖЫЛ!

Қазақтың қайсар ұлы, Ресейдің Кемерово облысының тізгінін талай жыл бойы ұстаған губернатор Амангелді Төлеевке 80 жыл! Саналы ғұмырында халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, билікте биік белестерді бағындырған тұлғаның құрметіне орай халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Жиынға  Кемерово облысының зиялы азаматтары мен қоғам қайраткерлері, туған-туыстары мен шәкірттері қатысты.Ел басқару-өнер атаулының төресі.Амангелді Төлеев билік басында отырып-ақ, халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтай білді.Еңбек жолын теміржолшы қызметінен бастаған ол облыстың дамуы жолында аянбай тер төкті.Асқан жауапкершілігі мен жанашырлығының арқасында ерекше көзге түсіп, тұрғындардың ыстық ықыласына бөленіп үлгерді.

 

Амангелді Төлеевтің Кемер облысы халқының арасында абырой-беделі биік болды. Ол 2 миллион 700 мың адамға жуық халқы бар өнеркәсіпті өңірді өте сауатты басқарып, ондағы ішкі саяси ахуалдың қалыпта болуына, облыстың әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты.Конференцияға жиналған қауым қайраткердің елеулі еңбегін тілге тиік етіп өтті.Жиын барысында Амангелді Төлеев жайлы жазылған еңбектің тұсаукесері өтті.

Ұлы тұлғалардың сәулелі ғұмырындағы есті естеліктерді ұрпақ жадында қалдыру басты парыз.Амангелді Молдағазыұлының есімі ел есінде мәңгісақталады.

Related posts

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

БАСҚАРМА ТАРАПЫНАН 2024 ЖЫЛДЫҢ НАУРЫЗ АЙЫНДА ЖАЛПЫ САНЫ – 12 673 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙДЫ ТУРИЗМ БАҒЫТЫМЕН ҮЙЛЕСТІРЕ ДАМЫТУ ҰСЫНЫЛДЫ

Leave a Comment