Ақпарат Жаңалықтар Оқыс оқиға

Полицейлер аса ірі көлемдегі мефедронның таралуына жол бермеді

Шымкент ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында есірткі заттарын өткізумен айналысып жүрген Алматы тұрғынын құрықтады.

20 жастағы ер адам өзімен бірге қытырлақ картоп (чипсы) қаптамасына салынған синтетикалық есірткіні тасымалдаған.

Оның жалдамалы пәтерін тексеру кезінде “ұнтақ” салынған полиэтилен пакеттер және 150-ден астам есірткі орамалары табылды. Тәркіленген мефедронның жалпы салмағы 3,5 келіні құрады. Күдікті қамауға алынды.

Тергеу жүргізілуде. Шымкент қаласының полиция департаменті есірткімен байланысты кез келген заңсыз іс-әрекет заңмен қудаланатынын ескертеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІН ЕГУ ЖӘНЕ ЖИНАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУГЕ 8,8 МЛРД ТЕҢГЕГЕ 1300-ГЕ ЖУЫҚ ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛҒАН

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы

Қырғызстан милициясы үш адамды өлтірді деген күдікке ілінген ер адамды атып тастады

Пікір қалдырыңыз