Жаңалықтар Түркістан

ОБЛЫС ӘКІМІ ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды өңірдегі шыбын-шіркейге қарсы залалсыздандыру жұмыстарымен танысу мақсатында Шардара ауданы, Өтеғұл шағынауданындағы алқапқа барды. Бүгінде мұнда залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Облыс әкімі жұмысты сапалы атқаруды тапсырды. Жыл басынан бастап бұл жұмыстарға ғылыми сүйемелдеу жүргізілуде. Бұл жұмыстарға Алматыдан арнайы шақырылған ғалым Қаршыға Көшкімбаев атсалысуда. Ғалым БАҚ өкілдеріне оның нәтижесімен бөлісті. Ол бұл салада зерттеу жүргізетін еліміздегі жалғыз маман екенін айтты.

Шіркейге қарсы дезинсекция жұмыстары барысында облыс аумағындағы 352 шақырымды құрайтын Сырдария өзені 6 аймаққа бөлініп дәріленбек. Дезинсекция жұмыстарына әуе ұшағы, арнайы көліктер мен мамандар тартылған.2024 жылға Түркістан облысының аумағында жәндіктер мен буынаяқтылар санын азайту бойынша дезинсекциялық іс-шаралар өткізу үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлінген. Бұл жұмыстарды «Satti Tulik» ЖШС жүргізуде. Бүгінде Түркістан, Кентау, Арыс қалаларында және Шардара, Отырар, Мақтаарал, Келес аудандарында жұмыстар атқарылып жатыр.

Related posts

ҰЛТТЫҚ КИІМ: ЖЕРГІЛІКТІ ДИЗАЙНЕРЛЕР ТОПТАМАЛАРЫН ҰСЫНДЫ

«Уайымдамаңыз, мен де универден шығарылғанмын»: диспетчер жасөспірімді суицидтен құтқарды

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Leave a Comment