Жаңалықтар

ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ АКЦИЯ ӨТТІ

Қала прокуратурасы Шымкент қаласының қылмыстық іс жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен бірлесіп М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғимаратында есірткі қылмысына қарсы күрес жүргізу мақсатында арнайы жиын өткізді. Аталмыш көшпелі сот өтірісінің мақсаты жастар арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру сондай-ақ дертке қарсы күрес жүргізу. Толығырақ әріптесім тарқатып айтады.

 Көшпелі сот отырысына университет студенттері мен оқытушылар құрамы да қатысты. Жиын барысында мамандар жастармен ашық диалог жүргізіп, есірткінің зияны және оған қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің атқарылып жатқан жұмыстарын баяндады.

Айта кетейік жыл басынан бері мегаполисте есірткі қылмысымен 84 тұлғаға қатысты 83  іс қаралған. Сол себепті мамандар есірткіге қарсы күресті кеңірек насихаттау керектігін атап өтті. Акцияның мақсаты сол жастар арасында кең таралып кеткен дертке қарсы күресті күшейту.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Грузия туристерге қойылатын талапты күшейтіп жатыр

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН АҚТӨБЕ ӨҢІРІНІҢ СУ БАСҚАН АЙМАҚТАРЫНА 30 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Пікір қалдырыңыз