Жаңалықтар Қоғам

«Қатаң бақылауды қамтамасыз ету». Президент Тоқаев Әлихан Смайыловты қабылдады

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады, Aspan.info тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып. Кездесу барысында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесінің тиімділігін одан әрі арттыру мәселелері талқыланды.
«Президент атап өткендей, Жоғары аудиторлық палатаның алдында республикалық деңгейде де, жергілікті деңгейде де бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтердің тиімді әрі ұтымды пайдаланылуын қатаң бақылау міндеті тұр», — деп атап өтті Ақорданың баспасөз қызметі.
Өз кезегінде Әлихан Смайылов мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі өз көзқарасымен бөлісті. Ол сондай-ақ ведомствоның ағымдағы жылға арналған жоспарлары туралы баяндады.
«Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловтың тәжірибесі мен кәсібилігі алға қойылған барлық міндеттерді сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді», — делінген Ақорданың хабарламасында.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАНДА ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ 185 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА «РУХАНИЯТ ОРДАСЫНА – 65 ЖЫЛ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Aspan info

Электрондық темекі тоғызыншы сынып оқушысын реанимацияға алып келді

Қазақстанда келесі жылы электр энергиясы тағы қымбаттауы мүмкін

Aspan info

Пікір қалдырыңыз