Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАР СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАРҒЫН СУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫНА КІРІСТІ

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылар тобы еліміздің Солтүстік өңірлеріне көмектесу үшін жолға шыққан болатын. Атап айтсақ, Түркістан өңірінен 54 құтқарушы, 14 техника жіберілді. Одан өзге 15 мотопомпа, 2 қайық, 16 портативті радиостанция, 2 спутниктік телефон, 5 шатыр, 50 төсек автономды жұмыс істеуге толық дайын. Олар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек қолын созды.

 

Бүгін құтқарушылар Солтүстік Қазақстан облысына барып, қарғын судың алдын алу жұмыстарына кірісіп кетті. Кәсіби мамандардан құралған топ тасқын қаупі жоғары Ғабит Мүсірепов, Айыртау, Тайынша және Тимирязев аудандарында жұмыс жүргізеді деп жоспарланған. Қазіргі таңда құтқарушылар су тақынының алдын алу және бақылау жұмыстарын атқарып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан өңірінен Ақтөбе облысына гуманитарлық көмек және еріктілер тобы жіберілген болатын.

Aspan.info Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕГІ ҚОС АУЫЛДЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ АҒАШ КӨШЕТТЕРІН ЕКТІ

Астанада бір күн бұрын жол жөндеушімен болған оқиғаға полиция әрекет етті.

Қазақстандықтарға деректері сыртқа шыққан zaimer.kz дерекқорында екені туралы ескертулер ала бастады

Пікір қалдырыңыз