Жаңалықтар Қоғам Шымкент

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ С.ҚҰРАНБЕК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары С.Құранбек қаладағы жоғары оқу орындарының басшыларымен кездесу өткізді.
Кездесуге қаладағы 8 жоғарғы оқу орындарының ректорлары мен проректорлары қатысты.
Кездесуде Мемлекет басшысының «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында тапсырған негізгі міндеттерін іске асыру мен басқа да маңызды бастамаларына тоқталып, аталған бағыттағы жүргізілетін жұмыстарға ерекше назар аударды.
Сонымен қатар, қалада мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, жастар арасында жаңа құндылықтарды қалыптастыру, жаман әдеттер мен жағымсыз қылықтардан, қауіпті кеселден сақтау үшін белсенді жұмыс жүргізуге шақырды.
Кездесу соңында лудоманияға қарсы, синтетикалық есірткі тасымалымен күрес, суицидтің алдын алдын алу, жастарды психологиялық қолдау және т.б. өзекті мәселелер бойынша бірқатар ұсыныстар айтылып, жүргізілетін жұмыстардың бағыт-бағдары айқындалды.
Aspan.info Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды

Related posts

Тоқаев үкімет пен әкімдерді қатаң сынға алды

Қарағанды облысының бір ауданында ТЖ режимі жарияланды

Шымкенттегі «Гүл дауы»: экс-полицейдің ісіне қатысты тергеу қалай аяқталды

Leave a Comment