Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІН ЕГУ ЖӘНЕ ЖИНАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУГЕ 8,8 МЛРД ТЕҢГЕГЕ 1300-ГЕ ЖУЫҚ ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛҒАН

Түркістан облысында биыл 1449 дана ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жоспарланған. Бүгінгі күнге 161 бірлік трактор, 6 бірлік комбайн және 13 бірлік құрал-жабдық сатып алынған. Жалпы бүгінгі таңда өңірдегі дала жұмыстарына қолда бар техникалардың 95%-ы дайын. Оның ішінде, 11 500 дана — трактор, 1 300 дана — дән сепкіш және 554 дана — соқа және 1200 дана — жер қопсытқыш бар. Бұл жайында облыстағы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Плалов брифингте мәлімдеді.
«Биыл облыста ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы көлемін 873,6 мың гектарға жеткізу көзделуде. Күздік егіс 201,7 мың гектар аумаққа егілген. Ал жаздық дақылдар 29 мың гектарға алқапқа егілді. Оның ішінде қырыққабат — 6 000 гектар, жоңышқа — 12 000 гектар және бақша — 7 000 гектар, масақты дақылдар — 4 000 гектар алқапқа егілді. Сонымен қатар, биыл облыс аумағындағы ірі суқоймаларда су көлемі толық жиналып, сұранысқа сәйкес су жіберілуде. Облыстағы агроқұрылымдарға жанар-жағармай нарық бағасынан 15%-ға арзан ұсынылып отыр. Бұдан бөлек, отандық өндірушілерден тыңайтқыш алған шаруалардың шығындарының 60%-ы субсидияланады» — деді Әлібек Әбдіхалықұлы.
Қазіргі таңда Түркістан облысында суғарылатын жер көлемі — 553,8 мың гектар. Оның ішінде «Қазсушар» РМК Түркістан филиалына қарасты су нысандары арқылы суғарылатын жер көлемі — 332,3 мың гектар. Бүгінгі мәліметке сәйкес, мекемеге қарасты 18 суқойманың орта есеппен 75%-ы суға толғандығын жеткізді «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының директорының орынбасары Жандарбек Бақашбаев.
Сондай-ақ, брифингке қатысқан «Ырыс» МҚҰ» ЖШС басқарма төрағасы Мұхит Мыңбаев «ОҢТҮСТІК АИО» ЖШС мен «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-і арқылы 2023 -2024 жылдары аралығында көктемгі егін егу және жинау жұмыстарын жүргізуге, ауыл шаруашылық субъектілерін қаржыландыруға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан 17,5 млрд теңге қаражат бөлінген. Ал 2023 жылы көктемгі егін егу және жинау жұмыстарын жүргізуге 8,8 млрд теңгеге 1 293 жоба қаржыландырылған.
Aspan.info Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды

Related posts

Астанада автобус бағыттары қозғалыс сызбасын өзгертті

Қарағанды облысында су басу салдарынан 12 автожол жабылды

Еуропа қалалары Алексей Навальныймен қоштасты

Leave a Comment