Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ТАЗАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Түркістан облысында Наурыз мерекесі 10 күн бойы тойланды. Наурыздың соңғы күні «Наурыз – тазалықтың айнасы» атауымен қорытындыланып отыр. Игі шара аясында өңірдегі 17 аудан, қаланың қатысуымен облыс көлемінде жалпыхалықтық сенбілік өтті.
Аталған шараға облыс орталығындағы барлық басқармалар мен департаменттің қызметкерлері және жергілікті аудан, қала әкімдіктерінің қызметкерлері, мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпкерлік нысандардың қызметкерлері мен қоғамдық ұйымдар және жергілікті тұрғындар өздерінің аумақтарында тазалық жұмыстарына атсалысты.
Облыс көлемінде өткен сенбілікке 25 мыңнан аса адам қатысып, облыс аумағындағы барлық өзен, көл арналары ретке келтіріліп, елді мекендердегі көше бойлары қоқыстардан тазартылды. Сенбілік нәтижесінде 5 мың тоннаға жуық қоқыс жиналып, арнайы орындарға тасымалданды.
Бұл күнгі сенбілікте алдын ала белгіленген орындарға ағаш көшеттері отырғызылды. Сондай-ақ елді мекендер аумағын қоқыс қалдықтарынан тазарту, экологиялық аймақтардың тазалығын сақтау, су айдындарының арналарын ашу, көше бойларын және арық-атыздарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастамасымен өткен шара алдағы уақытта да аудан, қалаларда өз жалғасын табады.
Айта кетейік, ауылдар мен көшелерде, мекемелерде «Үздік ұйым ауласы», «Үздік таза ауыл», «Үздік таза көше» байқаулары ұйымдастырылды.
Aspan.info Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды

Related posts

СӘКЕН БИБОСЫНОВ ЕКІНШІ ОЛИМПИАДАСЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Алматыда үш есе сальто: мотоциклшінің құлауы видеоға түсіп қалды

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ КӨГАЛДАНДЫРУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Leave a Comment