Жаңалықтар Қоғам

Президент халық әртісі Жәния Әубәкірованы қабылдады

Президент халық әртісі Жәния Әубәкірованы қабылдады, деп хабарлайды Aspan.info тілшісі Ақордаға сілтеме жасай отырып.

Мемлекет басшысы Қазақстанның халық әртісі Жәния Әубәкірованы қабылдады. Қазіргі уақытта пианист өзінің авторлық мектебін басқарады. Ол өзінің қызметі туралы айтып берді, сондай-ақ жоғары музыкалық білімінің жай-күйі туралы өз бағаларымен бөлісті.

Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ Жәния Әубәкірованың қоғамдық өмір проблемалары жөніндегі ұсыныстарын тыңдады.

Соңында Мемлекет басшысы оған өнер саласындағы бірқатар бастамаларын іске асыруда табыс тіледі.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Тоқаев Головкинді Ақордада қабылдады

СМС ескертулер: Қазақстанның бір қаласында «жаз» 8 наурызда басталады

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗАҚСТАН-ВЕНГРИЯ БИЗНЕС-ФОРУМЫ ӨТТІ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз