Жаңалықтар Қоғам Спорт Түркістан

ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Облыс орталығында Наурызнама онкүндігі аясында Ұлттық спорт күні аталып өтті. Октябрь Жарылқапов атындағы стадионда өткен спорттық шараны қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев ашып, Ұлттық спорт күнінің маңыздылығына тоқталды.
«Ұлттық спортымыз халқымыздың тамыры тереңнен тартылатын тарихымызбен тұтасып жатыр. Ұлыс мерекесінде арнайы Ұттық спорт күнін белгілеуіміз жастар арасында ұлттық құндылығымызды дәріптеуге бағытталды», деді Мекенхан Қырықбаев.
Іс-шарада тоғызқұмалақ, арқан тартыс, қол күрес, асық ату, ләңгі тебу, гір тасын көтеру сынды спорт түрлерінен 300-ге жуық тұрғын бақ сынады.
Жарыстың ең жас қатысушысы 9 жаста болса, ересектер де тартысты ойын-өрнегін көрсетті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Related posts

Атырау облысының ауылында белгісіз жыртқыш мал сояды

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Вице-премьер лауазымында Бозымбаев немен айналысады

Leave a Comment