Жаңалықтар Қоғам Шымкент

ЖАҢАРУ КҮНІНДЕ ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КӨПШІЛІКПЕН БІРГЕ АҒАШ ЕКТІ

Ұлыстың ұлы күні биыл 10 күн тойланып жатыр. Елімізде Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні – Жаңару күні. Осы күні көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру ұсынылған болатын. Бүгін, Түркістан облысында Наурызнаманың онкүндігі аясында «Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, татулықтың бастауы» деген атпен барлық өңірде ағаш егу дәстүрі басталды. Жаңару айын жақсылыққа балаған түркістандықтар «Түркістан Білім-инновация» лицейінің айналасын көшетпен көмкерді. Наурыз мерекесі аясында өткен шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, мемлекеттік мекемелердің басшылары, мемлекеттік қызметшілер, аталған білім ұясының ұстаздары мен оқушылары, коммуналдық сала өкілдері қатысты.
Мектеп ауласында терек, қарағаш, үйеңкі ағаштары сынды ағаш егілді. Игі бастамаға қолдау білдірген облыс әкімі Дархан Сатыбалды көппен бірге ағаш көшеттерін егіп, бұл бастаманың мәні зор екенін, көгалдандыру жұмыстары жалғасатынын жеткізді. Әрбір тұрғын тазалықты өз ауласынан бастап, қала аумағын жасыл желекпен көмкеруге үлес қосуы тиіс екенін айтты.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысының елді мекендерін көгалдандырудың 2022-2024 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілді. Биылғы көктемде облыс бойынша 520 мыңнан аса көшет егіледі деп күтілуде. Осы бағытта жұмыс жүріп жатыр.
Айта кетейік, Наурызнама онкүндігі 23-наурызға дейін жалғасады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Related posts

Неліктен олар Астанада 500-600 мың айлық алатын мамандарды таба алмай жатыр, КТК түсіндірді

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҰЛЫ-АМАНГЕЛДІ ТӨЛЕЕВТІҢ ТУҒАНЫНА 80 ЖЫЛ!

Қазақстанда 200 мың теңге жалақыға қандай зейнетақы төленеді?

Leave a Comment