Жаңалықтар Қоғам

ТҮРКІСТАН: РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН КҮН

Түркістан облысында биыл Наурыз мейрамын 10 күн бойы атап өту жоспарланған. Мерекені атап өтуге арналған онкүндік аясында облыс аумағында түрлі мерекелік шаралар өткізіліп жатыр.
Бүгін, 16 наурыз — «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күні Ордабасы ауданында да кеңінен аталып өтуде. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары аудан орталығының бірқатар аумағында ұлттық құндылықтарға бай қойылым көрсетіп, тұрғындарға Наурыз кәде ұсынды. «Ана мен бала» аллеясының аумағында салты-дәстүрді дәріптейтін іс-шаралар ұйымдастырылып, ұлттық ойындар ойнатылды. Ақ жаулықты аналар сауда орталықтарында әннен шашу шашылып, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Аталған іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов, зиялы қауым өкілдері, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, білім ұяларының жоғарғы сынып оқушылары мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Негізгі мақсат — ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын кеңінен насихаттау. Рухани құндылық саналатын асыл қазынамызды қайта жаңғыртып, жалпыхалықтық сипат алуына ден қою, жас ұрпақтың бойына сіңіру, ұлт құндылығын дәріптеу.
Айта кетейік, облыс аумағында Әз-Наурыз мейрамы әр күн түрлі тақырыпта 10 күн бойы аталып өтеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

БИЫЛ ҚАЗАҚСТАНДА 1,6 МЫҢҒА ДЕЙІН АУЫЛДЫ ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСУ ЖОСПАРЛАНУДА

Aspan info

«Тұрғындары тыныстай алмайтын қала»: Шымкент түнде неге түтін мен жағымсыз иіске тұншығады?

Aspan info

Қар «ақырзаманынан» құтқарылды: Тоқаев полицейге алғысын білдірді

Пікір қалдырыңыз