Жаңалықтар Қоғам

Ақтау сауда орталығындағы эскалаторда бала саусағынан айырылып қалды

Сауда орталығындағы эскалаторда жеті жасар қыз зардап шекті. Қазір бала Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр, — деп хабарлайды Aspan.info тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиғаға облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«Маңғыстау көпсалалы балалар ауруханасына жеті жасар қыз жарақатпен түсті — бала саусағының бір бөлігін жоғалтты. Дәрігерлер оны аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Қызға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Науқасқа емделіп жатыр. Оңалту емдеу курсы, болжам жасауға әлі ерте», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

БЕЙЖІҢДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ «NAURYZFEST» ӨТКІЗДІ

Ауыл шаруашылығы министрлігінде пияз өнімінің жоғалғаны туралы ақпарат түсіндірілді

Әлия Назарбаеваны рейдерлік жолмен басып алды деген айып тағылды

Пікір қалдырыңыз