Жаңалықтар Қоғам

Премьер-министр Бектенов Ресей мен Өзбекстанға барады

Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ресей мен Өзбекстанға барады, — деп хабарлайды Aspan.info тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Наурыз айында Қазақстан Үкіметінің басшысы Олжас Бектеновтың Ресей Федерациясына және Өзбекстанға жұмыс сапары жоспарланған.

Мәскеуде Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Михаил Мишустинмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өтеді. Тараптар екі мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы туралы, сондай-ақ өзара тиімді сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту шараларын талқылайды.

Ташкентте Олжас Бектенов Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен келіссөздер өткізеді, оның барысында сауда-инвестициялық ынтымақтастықты арттыру, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланады.

Related posts

Орал қаласының әкімі Миржан Сәтқановқа қатаң сөгіс жариялады

ТҮРКІСТАН: РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН КҮН

Қазақстанда крипто алмасуды жасаушылар ұсталды: олар заңсыз түрде миллион доллар табыс тапты

Leave a Comment