aspan Жаңалықтар Қоғам

Жұмыстан босатылған шенеуніктер мен судьяларға тағы бір мүмкіндік беріледі

Бүгін Мәжіліс кейбір заңнамалық актілерді Конституцияға сәйкес келтіру мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасының нормалары мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы қамтиды, — деп хабарлайды Aspan.info тілшісі Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конституциялық сот «Мемлекеттік қызмет туралы» заңды Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін жұмыстан шығарылған азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруіне мерзімсіз тыйым салуды белгілеу бөлігінде Конституцияға сәйкес емес деп таныды. Бұл шешім мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару органдарының мүдделеріне қарсы құқық бұзушылықтар үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шараларынан туындайтын құқықтық шектеулердің пропорционалдылығының болмауына байланысты қабылданды.

Осыған байланысты заң жобасы мемлекеттік қызметтен босатылғандар үшін келесі шектеу мерзімдерін белгілеуді ұсынады:

  • бір жыл – Қазақстан заңдарында белгіленген шектеулерді немесе қызметтік әдепті сақтамағаны үшін жұмыстан шығарылған адамдарға;
  • екі жыл — тәртіптік теріс қылықтары үшін жұмыстан шығарылған адамдарға;
  • үш жыл – әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға;
  • бес жыл — ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстар жасаған адамдарға.

Сыбайлас жемқорлық, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға, сондай-ақ қылмыстық топтың құрамында қылмыс жасаған адамдарға шексіз шектеу сақталады.

Бұл ретте Конституциялық сот кәсіби жарамсыздығына байланысты атқаратын лауазымына сәйкес келмеуі сияқты теріс себептер бойынша өкілеттігін тоқтатқан судья өзге салаларда, оның ішінде мемлекеттік қызметте еңбек бостандығына конституциялық құқығын қолдана алады деп есептейді.

Осыған орай, заң жобасында көрсетілген негіздер бойынша өкілетін тоқтатқан судьяларға өкілеті тоқтатылғаннан кейін бірден мемлекеттік қызметке уақыт шектеусіз кіру мүмкіндігі қарастырылған.

Related posts

Аса ауыр қылмыстар үшін айыпталушылар сотта мәміле жасай алады

Қарағандыдағы шабуыл: жедел жәрдем жүргізушісі келтірілген шығынды өтеуді талап етпек

Адамдардың дауысын ұқсатып салу арқылы алаяқтық қылмыстың жаңа түрі пайда болды

Leave a Comment