aspan

БАЛАЛАРДЫ ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАП КЕТУДЕН САҚТАҢЫЗ

Қазіргі таңда балалардың терезеден құлап кету жағдайлары өзекті мәселенің бірі. Оның негізгі себептері балаларды қараусыз қалдыру және терезеде қауіпсіздік құралдарының  жоқтығы. Осы орайда қала тұрғындары арасында көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың құлау жағдайларының алдын алу бойынша арнайы акция өтті.

Жыл сайын балалардың терезеден құлауымен байланысты жазатайым оқиғалардың өсіп келе жатқаны байқалады. 2024 жылдың елімізде оқыс оқиғаның  статистикасына  сүйенсек биылғы жылдың  6 айында 102 бала терезеден құлап кету дерегі тіркелген. Соның ішінде 7 бала қайтыс болды. 95-і жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Ал Шымкент қаласында терезеден құлап кетуі бойынша 5 жағдайы тіркелген  болса, оның 1 қайтыс болған.Төтенше жағдайлар қызметкерлері  мұндай оқиғалардың күн жылығанда және жазғы демалыс кезінде жиі болатынын айтады.   Өткен жылы осыған ұқсас 170 жағдай тіркелген. Төтенше жағдайлар қызметкерлері  ата-аналарды ерекше сақ болуға шақырады.

Жазатайым оқиғалардың алдын алуды ата-аналар басты назарда ұстаған жөн. Себебі  балаларын қарусыз қалдырып кететін жәйттер жиі кездеседі. Сондықтанда сақтық шараларын үнемі сақтаған жөн дейді төтеншеліктер.

 Акция барысында департаменттің қызметкерлері   тұрғындарға жаднамалар тарқатып,  ата аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев отставкаға кету туралы өтініш берді.

Instagram желісіндегі ашулы жазбасы үшін қазақстандық әйелге 664 мың теңге айыппұл салынды

ЭКСПРОМТ-кездесуде АЭС маңызы түсіндірілді

Пікір қалдырыңыз