aspan

ЛУДОМАНИЯ-ҚОҒАМҒА ТӨНГЕН ҚАУІП

Қазіргі таңда құмар ойынының шырмауына түскен адамдар көп. Жалпы лудоманияға тап болудың себептері қандай? Оның алдын алу жолдары бар ма? Сюжет көріңіз.«Лудомания» соңғы кездері әлемдік үрдіске айналып, қауіпті вирус ретінде таралып отырған ғасырлық мәселелердің бірі. Бұл індет – адамның біліктілігіне қарағанда, сәттілік арқылы жүзеге асатын, жеңіл жолмен байлыққа кенелудің бір түрі. Алайда, бұл оңайлықпен келетін нәрсе емес. Себебі, құмар ойындардың заңдылығы да осында. Әуелі ұйымдастырылған сәттілікпен жеңіске жеткен ойыншы, қанағатсыздық танытып, олжасын еселегісі келеді. Әйткенмен, стратегия бойынша, адам ақыры соңында қалай болмасын жеңіліске ұшырауы шарт.

Лудомания – қоғамның тамырын кесетін, қасіретті дерт. Ойынға құмарту –өмірді өз қолыңызбен құрдыымға жіберу. Сондықтан, таңдау өзіңізде екенін ұмытпаған жөн.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ 2025 ЖЫЛЫ ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 1 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ

2025 ЖЫЛЫ ЕЛІМІЗДЕ ҚАЙТА ЖАҢАРТУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ЖОБАЛАРЫМЕН 2900 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ҚАМТЫЛДЫ

ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТҚАН МЕКТЕПТЕР БАҚЫЛАУДА

Пікір қалдырыңыз