Жаңалықтар

Тоқаев су басқан Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

Президент сапарын Сергеевка су қоймасын, Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласының төңірегін тікұшақпен аралап көруден бастады. 🔸Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар, Есіл, Шал ақын аудандары мен Петропавл қаласындағы су тасқыны жағдайын баяндады. Өңір әкімінің айтуынша, алты ауданда төтенше жағдай жарияланған. Қазіргі таңда 2 мыңнан астам тұрғын үйді су басқан, 10345 адам эвакуацияланған; 🔸Су тасқынына қарсы шараларға 5270 адам және 906 техника жұмылдырылған. Табиғи апаттан зардап шеккен азаматтардың материалдық шығындарын есептеу және өтеу жөнінде комиссия құрылған.

Related posts

ШЫМКЕНТТЕ CАУДА ОРЫНДАРЫ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАНУДА

Біртұтас мұнаймен емес: Қазақстан экономикасын қалай ұлғайтпақ

ТҮРКІСТАН: МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТІРКЕУ, ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Leave a Comment