Жаңалықтар

Тоқаев су басқан Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

Президент сапарын Сергеевка су қоймасын, Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласының төңірегін тікұшақпен аралап көруден бастады. 🔸Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар, Есіл, Шал ақын аудандары мен Петропавл қаласындағы су тасқыны жағдайын баяндады. Өңір әкімінің айтуынша, алты ауданда төтенше жағдай жарияланған. Қазіргі таңда 2 мыңнан астам тұрғын үйді су басқан, 10345 адам эвакуацияланған; 🔸Су тасқынына қарсы шараларға 5270 адам және 906 техника жұмылдырылған. Табиғи апаттан зардап шеккен азаматтардың материалдық шығындарын есептеу және өтеу жөнінде комиссия құрылған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы Палестина-Израиль жанжалына тоқталды

Қазақстан халқының саны 20,05 миллион адамға жетті

Тыныштықты сақтау: Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға жүгінді

Пікір қалдырыңыз