Жаңалықтар Қоғам Шымкент

ШЫМКЕНТ: Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ ЖАНЫНАН КОЛЛЕДЖ АШЫЛДЫ

Оқу орны Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті жанынан құрылды. Колледждің ашылу рәсіміне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты. Жүсіпбек Аймауытұлының атын беру униерситет жанындағы ғылыми кеңес мәжілісінде кеңінен талқыланды. Шешім қолдау тауып, арнайы орта білім беретін оқу орны қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист есімімен аталды.
Әзірге аталған колледжде 3 мамандықты оқытуға лицензия берілген, олар 01140100 – Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі, 01140200 – Музыкалық білім беру, 01140300 – Көркем еңбек.
Мұнда 58 оқытушы жастарға білім береді. Оның 1-уі ғылым докторы, 17-сі ғылым кандидаты, 3-уі PhD, 29-ы магистр, 3 –уі аға оқытушы. Материалдық-техникалық базасы заман талабына сай жасақталған ғимаратта 175 кабинет, 13 зертхана, 2 шеберхана жұмыс істейді.
Aspan.info Шымкент облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Илон Маск НАТО-ны таратуды жақтады

Тоқаев Путинмен сөйлесті

Алматыдағы жер сілкінісінен кейінгі мореналық көлдердің жағдайы Төтенше жағдайлар министрлігіне хабарланды.

Пікір қалдырыңыз