Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қалалардағы елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын күшейте түсуді тапсырған болатын. Осы ретте Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков тазалық жұмыстарын өз бақылауына алып, санитарлық тазалық пен аудан аумағын көгалдандыруға қатысты атқарылу керек жұмыстарды пысықтады. Ол «Жасыл белдеу» аумағында болып, онда егілген көшеттердің жай-күйін қарады. Сондай-ақ аумақтың көлемін арттыру бойынша жүктелген тапсырмалардың орындалу барысын да назарға алды.   Қазіргі таңда «Жасыл белдеу» аумағының көлемін арттыру жұмыстары қарқынды. Аумаққа 6 мыңнан астам тал егіліп, Түркістан бағытына қарай 2.7 шағырымға ұлғаймақ. Ұлғайған аумақ арнайы шарбақтармен қоршалады. Аудандағы саябақтар, ішкі көшелер, «Шымкент-Созақ» бағытына шығатын үлкен жолдар мен айналма жолдың бойы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Сондай-ақ ауыл сыртындағы сай-сала мен су өткізгіш құбырлар да қоса қамтылып, талдардың түптері әктелді. Aspan.info Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды  
 
 
 

Related posts

Қарағанды облысының дәрігерлеріне жаңа пәтерлердің кілті табысталды

«Әдепсіз әрекет жасады»: әлеуметтік желідегі видеодан кейін мұғалім жұмыстан қуылды

Атырау облысында өрт кезінде екі бала қаза тапты

Leave a Comment