Жаңалықтар Қоғам Шымкент

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯДА ЖАУАПТЫЛАРҒА НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕДІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Түркістан облысы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев, барлық құзырлы орган бастықтары, облыс әкімінің орынбасарлары және басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдері қатысты. Мәжілістің күн тәртібінде 5 мәселе қаралып, оны шешу жолдары талқыланды.
Комиссия отырысында облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындысы айтылып, саладағы жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Сондай-ақ ұзаққа созылған құрылыс нысандары және инфрақұрылым бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына енгізілген жылу электр станциялары мен жылыту қазандықтары бойынша өзекті мәселелер, апатты жағдайлардың алдын-алу жұмыстары туралы және сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жер сілкінісіне төзімділік бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Білім беру ұйымдарындағы есеп-қисаптағы сыбайластықты жою бойынша бірыңғай цифрлық есептеу жүйесін автоматтандырудың пилоттық жобасы аясында іске асырылып жатқан жұмыстар баяндалды.
Түркістан облысының әкімі ауыл шаруашылығы саласындағы субсидия беру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша нақты шаралар қабылдауды, заңсыз берілген субсидияларды мемлекетке қайтару жұмыстарын жүргізуді, анықталған кемшіліктерді жоюды және алдағы уақытта жол бермеу мақсатында жүйелі шаралар қабылдауды тапсырды.
Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешені – жалпы өңірлік өнімнің 20 %-ын құрайды. Облыста 80 мыңнан астам агроқұрылым жұмыс істейді, бұл –республикалық көрсеткіштің 33%-ы. Жыл сайын 30 мыңға жуық агроқұрылымға мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Өткен жылы 9 бюджеттік бағдарлама бойынша 37 млрд. теңге қаржы бөлінсе, биылғы жылға 39,8 млрд. теңге қаржы қарастырылған.
Келесі мәселеге қатысты облыс әкімі Дархан Сатыбалды құрылысы тоқтап қалған әр нысан бойынша жұмыстарды аяқтау үшін арнайы жол картасын әзірлеуді және құрылыс нысандарын мерзіміне сәйкес сапалы аяқтап, пайдалануға беруді тапсырды.
Сонымен қатар Кентау қаласында ЖЭО бойынша да тақты тапсырмалар берді. Қазіргі таңда онда екі қазандықтың қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Осы жылдың соңына дейін қосымша 4 қазандыққа қайта жаңғырту жұмыстарын сапалы аяқтау қажет. Өңір басшысы №5 жылу энерго орталығының қайта құру жұмыстарына резервтен қаражат бөлу бойынша тиісті жұмыстар жүргізуді жүктеді.
Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша облыс әкімі жер сілкінісі болған жағдайда бекітілген алгоритмге сәйкес нақты шаралар жүргізуді тапсырды. Жер сілкінісінің нақты қауіптілігін анықтау үшін сейсмикалық аудандастыру картасын әзірлеуді, төтенше жағдай болған кезде іс-қимыл ережелерін түсіндіру бағытындағы жұмысты жандандыруды міндеттеді.
Білім саласындағы жемқорлықтың алдын алу бойынша жаңа бағытта жұмыс жасауды тапсырған облыс әкімі цифрлық есептеу жүйесін автоматтандыру бағытындағы жұмысты жандандыруды, білім саласында қордаланған мәселелерді шешу үшін кезең-кезеңге бөлінген іс-шаралар жоспарын бекітуді қадап айтты.
– Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Бүгінгі мәжілісте қозғалған өзекті мәселелер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың белсенділігін арттыратынына сенім білдіремін. Бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін жауаптылық тікелей бірінші басшыға жүктелген. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында өз ұжымдарыңызда тұрақты түрде қажетті шараларды қабылдауларыңыз қажет, – деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Түркістан обылысы әкімінің баспасөз қызметі

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Алматыда дауылдың салдары бағаланды

Сенат Төрағасы Бишімбаевтың ісі туралы: «Біздің қоғамда елеулі өзгерістер болады»

«Наурыз базары»: бірінші күні елордада шығыс жәрмеңкесіне 30 мың адам келді

Пікір қалдырыңыз