Жаңалықтар Қоғам

Абай облысы Мақаншы ауданындағы су тасқыны видеоға түсірілді

Абай облысы, Мақаншы ауданы, Бақты ауылындағы су тасқыны видеоға түсірілді. Aspan.info оқырманы WhatsApp редакциясының +7 777 001 44 99 нөміріне видео жолдады.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдардың күшімен Мақаншы ауданы Бақты ауылында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде.

«300 қаптан астам қап контейнерлер төселіп, бөгеттің жағасына 400 тоннаға жуық инертті материалды төсеу жұмыстары жүргізілді.Су тасқыны жағдайының нашарлауына бақылау жасау және жедел әрекет ету үшін ТЖ күштері мен құралдары тартылды. Оқиға орнында Абай аудандық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамның 12 адамы, 7 техника (жүзу құралдары мен мотопомпалар) жұмыс істеп жатыр.Жергілікті биліктен 40-тан астам адам, жергілікті тұрғындардан 70-ке жуық адам және 18 техника жұмыс істеуде. сайты», — деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

Ведомствоның мәліметінше, тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ, «жағдай бақылауда».

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Синоптиктер Алматы, Шымкент және тағы 3 қала тұрғындарына ескерту жасады

ҰЛТТЫҚ СПОРТ РУХЫМЫЗДЫ АСҚАҚТАТТЫ

Тоқаев Қазақстан халқын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

Пікір қалдырыңыз