aspan

«Бір тәжік боксшысы үш қазақты тоқтатты»: бас бапкер кейбір спортшылардың төмен нәтижесіне қынжылды

Астанада бокстан «Елорда кубогі» халықаралық турнирі аяқталды. Аталған турнирде Қазақстан командасы сегіз алтын алса да, бас бапкер Мырзағали Айтжанов кейбір салмақтағы нәтижелерге көңіл толмайтынын айтты.

63,5 келі салмақта Қазақстан атынан 11 боксшы сынға түскен болатын. Алайда бұл салмақта таиландтық боксшының мықтылығы анық білінді.

«Бірнеше Қазақстан чемпионы Азия ойындарына жолдамаға таласса да, Таиландтан келген Хунатип Пиднух мықтылығын паш етті. Жартылай финалда Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен финалдық жекпе-жекте Ертуған Зейнуллиновке оңай болмады.

Енді Париж Олимпиадасында жүлде алуды қоя тұрып, Азия ойындарында жолдама алудың өзі қиын болғалы тұр. Әлем чемпионы Руслан Абдуллаев (Өзбекстан), Шива Тапа (Үндістан), әлем чемпионатының қола жүлдегері Баһадүр Усмонов (Тәжікстан), Моңғолия боксшысы бар. Әлі де шеберлікті шыңдауды талап етеді. Елімізден Азия ойындарына нақты кім баратыны тамыз айында шешіледі», — деді бас бапкер.

Сондай-ақ 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тәжікстан боксшысы Шамшер Саидов топ жарды. Бұл салмақтағы күміс және қола жүлделерді қазақ боксшылары иеленген. «67 келідегі отандық боксшылар әлі көп тер төгуі қажет. Бір ғана Тәжікстан боксшысы Шамшер Саидов 3 қазақты тоқтатты. Әлі танымал емес. Бірақ күші көп, мығым екендігі көрінеді. Өкінішке қарай, тәжік боксшысының кілтін ешкім таба алмады», — деді Айтжанов.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Экс-министр Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Министр қызметтен кететінін туған күні қарсаңында білген деседі

«Мұқтаж жанға бұйыру керек еді»: Актриса Дариға Бадықова ойнатқан ұтыстың жеңімпазы белгілі актер болып шықты

Пікір қалдырыңыз