Еңбек мобильділігі орталығының директоры Меруерт Есембаева 22 ақпан түнде полицияның тоқтау талабына қарамай, Chery Tiggo 7 Pro қызметтік көлігімен өтіп кеткен.
Кейін ол ұсталды. Полиция камерасынан оның дәрігерді итеріп, боқтық сөздер айтқаны көрінеді. Көлікте сыра мен чечил болған. Сондай-ақ ол алкотестерден өтуден бас тартты.
Әйел қамауға алынған жоқ, өйткені төрт баласы бар. Оған 8 жылға көлік жүргізуге тыйым салынды.
Меруерт Есембаева — туризм министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаевтың әйелі.
