Жаңалықтар Қоғам

Тоқаев Қазақстан мен Литва арасындағы келісімге енген өзгертулерді ратификациялады

Мемлекет басшысы «1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңға қол қойды, Aspan.info тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып.

Бұған дейін тиісті заңды сенаторлар ратификациялады. Шарт екі ел арасындағы құқықтық қатынастар, азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша өзара түсіністік пен егемендікті құрметтеу негізінде құқықтық көмек көрсету саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Құжат тараптардың әрқайсысының жеке және заңды тұлғаларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«Жасағанынан бүлдіргені көп». Алматы облысының тұрғындары 790 млн теңгеге тартылған су құбырына наразылық білдірді

Тоқаев білім және балалардың қауіпсіздігі туралы заңға қол қойды

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ БЕС МЫҢҒА ЖУЫҚ СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Пікір қалдырыңыз