aspan

ТАТУЛЫҚ ПЕН ДОСТЫҚ – ЕҢ ҚҰНДЫ ҚАЗЫНА

Қоғамның тыныштығы мен елдің тұрақтылығы – татулық пен достыққа негізделеді. Татулық – береке бастауы, ал достық – халықты ұйыстыратын, мемлекет іргесін нығайтатын қасиетті құндылық. Ұлт пен ұлыс бір мүддеге тоғысқанда, жүректер бір арнада соққанда – ондай елдің болашағы кемел, іргесі берік болары сөзсіз.

Қазақстан – бейбітшілік пен келісімнің, достық пен өзара құрметтің шынайы үлгісін әлемге паш етіп отырған бірегей мемлекет. Мұнда жүзден аса ұлт пен этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, түрлі мәдениет пен салт-дәстүр тоғысып, өзара сыйластық пен сенімнің берік іргетасы қаланды. Бұл – халқымыздың парасатының, мемлекетіміздің сарабдал саясатының жемісі.

Еліміздің басты мұраты – қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, бейбіт өмірді, ортақ келісімді нығайту. Өйткені достық пен татулық үстемдік еткен ортада ғана даму болады, ал даму бар жерде – болашақ бар.

Бүгінгі Қазақстан – бірлік пен ынтымақты ту еткен, болашаққа нық қадам басқан ел.
Бірлігіміз бекем, татулығымыз тұғырлы болсын!
Достық пен татулықты ардақтаған елдің бағы әрқашан ашық!
#МирИСогласие #ЗаМир #МыВместе

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

КОМПЛЕКСНАЯ РАБОТА ПО ОБЕСПЕЧЕНИЮ КАЧЕСТВЕННОЙ МЕДИЦИНСКОЙ ПОМОЩИ В ШЫМКЕНТЕ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ САУД АРАБИЯСЫНЫҢ ТАҚ МҰРАГЕРІ МҰХАММЕД БЕН САЛМАН ӘЛ САУДПЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

Aspan info

ШЫМКЕНТТЕ «ТӨЛЕМ» ЖҮЙЕСІНЕН AVTOBYS ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ РЕСМИ ТҮРДЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

Пікір қалдырыңыз