aspan

ТӘРТІП САҚШЫЛАРҒА  137 ҚЫЗМЕТТІК АВТОКӨЛІК БЕРІЛДІ

Семейде Абай облысы полиция департаменті мамандарына қызметтік автокөліктердің кілті тапсырылды. Іс-шараға облыс әкімі Берік Уәли, полиция департаментінің бастығы Эльдар Данияров қатысты.Былтыр жергілікті атқарушы органдар тарапынан полиция департаментінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және арнайы техникалық құралдар сатып алуға тиісті қаражат бөлінді. Осы жұмыстардың жалғасы ретінде бүгін полиция қызметіне KIA Cerato, Elantra, JAC және Cobalt маркалы 137 жаңа автокөлік берілді. Көліктердің арасында 8 автобус бар.

 Салтанатты шарада сөз сөйлеген аймақ басшысы табысталып отырған техникалар полиция қызметін жаңғырту және қызметкерлерге қолайлы жағдай жасау бағытындағы кешенді жұмыстың бір бөлігі екенін атап өтті.
Өңірде құқық қорғау органдарын материалдық-техникалық тұрғыда нығайту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Соның нәтижесінде биылғы үш айда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда құқық бұзушылықтар саны 18 пайызға төмендеді. Қоғамдық орындарда жасалған құқық бұзушылықтар 246-дан 184-ке азайған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ XXIV СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ МАҢЫЗЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Aspan info

5 СӘУІРДЕН БАСТАП МОПЕДТЕРДІ ТІРКЕУСІЗ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНСІЗ БАСҚАРУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Пікір қалдырыңыз