aspan

ТҮРКІСТАНДЫҚ БОКСШЫ ҚЫЗДАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ ЖЕҢІМПАЗ БОЛДЫ

📍Қызылорда қаласында бокстан жасөспірім қыздар арасында ел чемпионаты өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үздік спортшылар бақ сынаған айтулы сында Түркістан облысының құрамасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, командалық есепте І орынды иеленді. Облыс қоржынына жалпы 4 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль түсті.
▪️Атап айтқанда, Айша Насанова 35 келіде, Сезім Нұрлыбек 43 келіде, Аруна Шалман 55 келіде және Нұргүл Сахи 67 келі салмақ дәрежесінде ел чемпиондары атанды. Сондай-ақ Индира Абраман 58 келіде, Мадинабану Бахтиярова 64 келіде, Зарина Жұмабаева 67 келі салмақта, Балжан Қалбек +70 келіде ел біріншілігінің күміс медаль олжалады. Одан бөлек, Айсезім Тұрсынбай 33 келіде, Інжу Пернебай 43 келіде, Асылжан Құрманбай 55 келі салмақта Айзере Бауыржан 58 келіде және Айару Ергешбай 70 келі салмақта қола жүлдегер атанып, Түркістан облысында бокс қарқынды дамығанын дәлелдей түсті.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МЕН ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖҮЙЕЛІ ШЕШІЛУДЕ

ШЫМКЕНТ: СПОРТТЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ДАМЫП, СПОРТШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРЕНАЛАРДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТУДЕ

eGov.kz жүргізуші куәлігін алудың қандай жаңа талаптарын енгізді

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Пікір қалдырыңыз