aspan

ТҮРКІСТАНДА «ӘЛЕМНІҢ ЖАРЫҒЫ – АНА» МЕРЕКЕЛІК КЕШІ ӨТІП, ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

📍Түркістан қаласында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Әлемнің жарығы – ана» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, өңірдің дамуына үлес қосып жүрген ардақты аналар мен нәзікжандыларға құрмет көрсетілді. Салтанатты жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, әйелдер қауымын мерекемен құттықтады.

▪️Мерекелік кешке облыстың түрлі саласында табысты еңбек етіп жүрген аналар мен қыз-келіншектер, ұстаздар, дәрігерлер, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер және қоғам белсенділері қатысты.
▪️Облыс әкімі Нұралхан Көшеров өз құттықтауында әйелдердің қоғамдағы ерекше рөлін атап өтіп, олардың ел дамуына қосып жатқан үлесі зор екенін жеткізді.
📌– Сіздерді көктемнің ең аяулы, шуақты мерекесі 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Жер бетіне көктемнің келгенін білдіретін бұл мерекенің орны бөлек. Сұлулық, жылылық сияқты қастерлі сөздер Ана деген аяулы ұғыммен астасып жатыр. Әр шаңырақтағы шаттық пен берекеде сіздердің маңдай терлеріңіз бен мейірімге толы алақандарыңыз бар. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, салт-дәстүріміз бен ана тіліміздің бүгінге жетуі – ең алдымен, аналардың еңбегі. Қазіргі қазақстандық әйел – отбасының берекесі ғана емес, қоғамның қозғаушы күші. Түркістан облысы – еліміздегі демографиялық өсімнің алтын діңгегі, береке мен бірліктің бастауы. Облысымызда әйелдер қауымы барлық салада белсенділік танытуда. Облыс көлеміндегі 214 мыңнан астам кәсіпкердің 88 мыңы – қыз-келіншектер. Яғни, шағын және орта кәсіпкерліктің 41%-ында іскер ханымдар басшылық жасауда. Түркістан – халық саны жағынан да, көпбалалы аналар саны жағынан да ел бойынша алдыңғы орында. 2025 жылы өңірде 45 мыңнан астам сәби дүние есігін ашты. Өңірде 191 мыңнан астам көпбалалы ана бар. 18 мыңнан аса «Алтын алқа», 45 мыңнан аса «Күміс алқа» иелері – мақтанышымыз. Біз үшін әрбір ананың амандығы, әрбір қыз-келіншектің бақыты – аса қымбат. Сіздерді шуақты мерекемен құттықтай отырып, ұзақ өмір, зор денсаулық тілеймін! Отбасыларыңыз аман, әр күндеріңіз шуақты болсын! – деді Нұралхан Көшеров.
Нет описания фото.
▪️Салтанатты жиын барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар аналар мен қыз-келіншектер Түркістан облысы әкімінің Алғысхаттарымен және мемлекеттік марапаттармен марапатталды.
▪️Мерекелік кеш Түркістан музыкалық-драма театрында жалғасып, концерттік бағдарламаға ұласты. Ардақты аналар мен арулардың құрметіне арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. «Vivat» би ансамблі «Көктем шуағы» атты музыкалық-хореографиялық қойылымын сахналады. Сонымен қатар елімізге танымал өнерпаздар – Медет Салықов пен Клара Төленбаева, әнші Баянсұлу, республикалық байқаулардың лауреаты Данияр Барыс, Сырым Исабаев, «Жаңа леп» өнер ұжымы және өңір өнерпаздары ананы, көктемді жырға қосып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. «Қазақ қызы» музыкалық композициясы ұсынылып, өнерлі балалар мен бишілердің өнері кештің көркін аша түсті. Концерт өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Возможно, это изображение один или несколько человек, помост и текст
▪️Айта кетейік, Түркістан өңірінде аналар мен әйелдерді қолдау, олардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өңірде нәзікжандылардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға, кәсіпкерлікпен айналысуына және әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыруына кең мүмкіндік жасалған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ: БАЗОВАЯ ИНФРАСТРУКТУРА ГОРОДА СИСТЕМНО ОБНОВЛЯЕТСЯ, УРОВЕНЬ ОБЕСПЕЧЕННОСТИ ПРИБЛИЖАЕТСЯ К 100%

ТҰРАН АУДАНЫНДА ИРРИГАЦИЯ ЖҮЙЕСІ КЕҢЕЙТІЛУДЕ

ШЫМКЕНТТЕ BOEING ҰШАҚТАРЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз