Түркістан қаласындағы Олимпиадалық стандарттарға сай есу арнасында академиялық есуден ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты ресми түрде басталды.
Ел біріншілігіне Қазақстанның әр өңірінен келген 6 команда құрамындағы 100-ден астам спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтауда. Жарыс барысында олар 20 бағдарлама бойынша медальдар жиынтығын сарапқа салады.



