aspan

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА БІР КҮНДЕ 5 МЫҢ ТҮП КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

▪️Жетісай ауданында қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді көріктендіру және тұрғындарға қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Соның бір айғағы – аудан әкімі Серік Мамытовтың тапсырмасымен қала, кент және ауылдық округтердің аумағындағы саябақтар мен скверлерде кең көлемді көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Возможно, это изображение дерево
▪️Экологиялық ахуалды жақсарту, жасыл белдеу қалыптастыру және елді мекендердің ажарын ашу мақсатында өткен шара барысында 5 мыңға жуық түрлі сәндік ағаш көшеті отырғызылды. Аталған бастама ауданның көркін келтіріп қана қоймай, тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
▪️Мемлекет басшысының бастамасымен ел аумағында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатты қорғау ісіне қоғамның барлық өкілдерін жұмылдыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық экологиялық шарасы аясында ұйымдастырылған ауқымды көгалдандыру жұмыстарына мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, сондай-ақ, белсенді жастар қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты. Қатысушылар «Тәуелсіздік» саябағына сән беретін түрлі декоративті ағаштарды отырғызып, ауданның жасыл желегін көбейтуге атсалысты.
Нет описания фото.
▪️Жыл сайын тұрақты түрде жүргізілетін көгалдандыру жұмыстары – елді мекендердің экологиялық жағдайын жақсартумен қатар, тұрғындарға қолайлы демалыс орындарын қалыптастырудың маңызды бөлігі. Жасыл желек ауа сапасын жақсартып, табиғи тепе-теңдікті сақтауға, сондай-ақ, өңкріміздің эстетикалық келбетін арттыруға ықпал етеді» деген аудан әкімі отырғызылған ағаш көшеттеріне алдағы уақытта коммуналдық сала мамандары тарапынаг тұрақты күтім жасалып, суару және күтіп-баптау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілетін болады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АҚША ДА ЖОҚ, МАЛ ДА ЖОҚ. АЛАЯҚҚА ТҰСАУ ДА ЖОҚ!

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

ТҮРКІСТАН: БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ АЛҚА МӘЖІЛІСІНДЕ ҚАРАЛДЫ

Aspan info

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ УЛЫ ГАЗДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

Пікір қалдырыңыз