aspan

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУДАН-ҚАЛАЛАРЫНДА ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Наурызнама онкүндігі аясында Түркістан облысының аудан, қалаларында Ұлттық киім күні жоғары деңгейде өткізілді. Мемлекеттік және өзге де мекеме қызметкерлері ұлттық киім кисе, ұлттық киімді дәріптеген мазмұнды іс-шаралар да ұйымдастырылды. Солардың бірқатарына тоқталсақ, Шардара ауданында Наурыз мерекесіне орай Ұлттық киім күні аясында «Өмірге сән сыйлаған аналар» тақырыбында өнегелі жиын өтті.

Іс-шараны Шардара ауданы әкімдігінің «Қасиет» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының мамандары мен «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалы бірлесе үйлестірді.
Возможно, это изображение текст
▪️Іс-шара барысында «Ақ әжелер» ансамблінің жетекшісі, Шардара ауданының құрметті азаматы Жарылқасын Мұталиева ансамбльдің тарихымен бөлісіп, сахнада киген ұлттық киімдерін мұражай қорына табыстады. Сонымен қатар «Қасиет» орталығынан қызмет алушы Тасбике Серікбаева әкесінен қалған құнды жәдігер – түлкі ішігін музейге сыйға тартып, ұлттық мұраның сақталуына өз үлесін қосты.
▪️Айта кету керек, мерекелік шара аудан әкімдігі алдынан бастау алған ұлттық киімдегі шеру арқылы ерекше әсер қалдырды. «Тұңғыш Президент» саябағы арқылы мұражайға дейін жалғасқан бұл керуенде ата-әжелер ән шырқап, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бұл көрініс Наурыз мерекесінің шырайын аша түсті.
Возможно, это изображение ‎текст "‎¥ Tn yлTTpKK หุ Kui પ บูร่ทิด ท๊ ثقر‎"‎
▪️Сонымен бірге Жетісай ауданында да Ұлттық киім күні кең көлемде аталып өтті. Мазмұны терең, тәрбиелік мәні зор мерекелік шараға аудан әкімдігі өкілдері мен тұрғындары қатысты. Іс-шара барысында ұлттық нақыштағы киімдерге ерекше мән беріліп, көктемнің жаршысындай құлпырған жастар мен аудан өнерпаздары әсем ән шырқап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Түрлі-түсті ұлттық киім киген қатысушылар алаңға сән беріп, халқымыздың бай мәдени мұрасын дәріптеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЕН БИЛІКТІҢ НАСИХАТШЫСЫ ЕМЕСПІН — ЕРМҰРАТ БӘПИ

Aspan info

ДЕПУТАТ ЕЛНҰР БЕЙСЕНБАЕВ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Aspan info

ИРАН ОФИЦИАЛЬНО ИЗВИНИЛСЯ ПЕРЕД СОСЕДЯМИ ЗА АТАКИ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз