Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы тұрақты жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда республикалық маңызы бар жолдарды тазалауға 20 техника, 132 жұмысшы жұмылдырылған. Ал облыстық жолдарда 22 дана техника, 82 жұмысшы тазалық жұмыстарын атқаруда. Жолдардың тазалығы тұрақты бақылауда. Биыл аталған бағдарлама аясындағы іс-шараларды күшейту жоспарлануда. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде баяндалды.

